QazIndustry мен Air Liquide Group француз компаниясымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

«QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Бекенов Қазақстанда MEDEF INTERNATIONAL (Франция кәсіпорындарының қозғалысы) делегациясының құрамында орналасқан Air Liquide француз компаниясының халықаралық даму жөніндегі Вице-президенті Филипп Христодоулу мырзамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы ынтымақтастық және өнеркәсіптік жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Басқарма Төрағасы Берік Бекенов Француз тарапын QazIndustry қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ қазақстандық АЭА және ИА аумағындағы мүмкіндіктер мен жұмыс шарттары туралы айтып берді.
Air Liquide Group-газ өндіруде, технологияларды дамытуда және өнеркәсіп пен денсаулық сақтау қызметтерін ұсынуда әлемдік көшбасшы.
Қазақстанда Air Liquide Group «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – мен серіктестікте жұмыс істейді (ЭЛМТГ – Air Liquide және «ҚазМұнайГаз» Қазақ ұлттық мұнай-газ компаниясының бірлескен кәсіпорны, онда Air Liquide қатысу үлесі тиісінше 75% - ды, ал ҚМГ-25% - ды құрайды).
Бұдан басқа, 2018 жылдан бастап Павлодар облысында азот генерациясы бойынша ұзақ мерзімді жоба іске асырылуда. Осыған ұқсас жоба Атырау қаласында Қарабатанда KPI жобасы аясында жүзеге асырылуда.
«Еркін экономикалық аймақтардың артықшылықтары мен мүмкіндіктері – QazIndustry-дің жақсы бастамасы. Біз әртүрлі бағыттарда қызметтердің үлкен желісін ұсынамыз. Болашақта біз АЭА мүмкіндіктерін қарастырамыз және осы құралды серіктестерімізге ұсынамыз», - деп атап өтті Филипп Христодоулу.
Кездесу нәтижелері бойынша Тараптар жобаларды іске асыру барысында туындайтын ағымдағы мәселелерді шешу бойынша белсенді ынтымақтастық туралы уағдаласты.