QazIndustry Isiklar Paper Sack компания басшысымен кездесті

«QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы« АҚ басшылығы Isiklar Paper Sack компаниясының бас директоры Хусейн Ока мырзамен кездесті. Ол танысу сапары аясында Қазақстанда құрылыс мақсаттары үшін қағаз ыдыс өндіру жөніндегі жобаны іске асыруға қызығушылық танытты.

«QazIndustry» Басқарма Төрағасы Берік Бекенов әлеуетті инвесторларды QazIndustry қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ қазақстандық арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумақтарындағы мүмкіндіктер мен жұмыс шарттары туралы айтып берді.

Кездесу барысында тараптар Шымкент қаласында «Оңтүстік» АЭА аумағында зауыт салу бойынша жобаны іске асыру перспективалары мен одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Хусейн Ока мырза ұзақ мерзімді, жемісті байланыстар орнату үшін осы кездесудің маңыздылығын жоғары бағалады. Өз кезегінде QazIndustry басшылығы өз құзыреті шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Анықтама: Isiklar Paper Sack Иракта орналасқан қағаз ыдысын өндіруші, 1952 жылы құрылған Işıklar Holding ірі түрік компаниялар тобының құрамына кіретін 14 еншілес компанияның бірі.

Холдинг құрылыс материалдары, тоқыма, химиялық өнімдер, металлургия, туризм, электр энергиясын өндірісі, өндірістік жабдықтар дистрибуциясы және қағаз ыдыстарын өндіру салаларын қамтиды. Холдингтің машина паркінің жалпы қуаты жылына 380 миллионнан астам қағаз қаптар шығаруға мүмкіндік береді.  Бүгінгі таңда Холдингтің барлық өнімінің 42% - ы әлемнің 5 құрлығында орналасқан 50-ден астам елге экспортталады.