«Оңтүстік» АЭА-да жалпы құны 98,48 млрд. теңге болатын 48 жоба іске қосылды
2021 жылғы 11 маусымдағы жағдай бойынша «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық қоржыны жалпы сомасы 98,48 млрд.теңгеге 48 жобадан тұрады.Оның ішінде барлығы 4364 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы Индустриялық инфрақұрылымды дамыту дирекциясының басшысы Нұрлан Құдияров мәлімдеді. Оның айтуынша, бұдан бөлек құны 42,95 млрд.теңгені құрайтын 25 ірі жоба іске асып, 2293 жаңа жұмыс орны ашылды.
- «Оңтүстік» АЭА қатысушы кәсіпорындары 2010 жылдан бастап 2021 жылдың I тоқсанына дейін өндірген өнім көлемі 82,1 млрд теңгені құрады. 45,1 млрд. теңге сомасына өңделген өнім жақын және алыс шетелдердегі 22 елге экспортталды. «Оңтүстік» АЭА барлық жұмыс кезеңінде бюджетке 5,5 млрд.теңге салық төледі. Межелі жоспар бойынша 2021-2023 жылдары қолданыстағы жобаларды кеңейте отырып жалпы инвестиция сомасы 55,53 млрд.теңгені құрайтын 23 жобаны іске асыру көзделген. Бұл бағытта 2071 жұмыс орнын ашу көзделген, − деді Индустриялық инфрақұрылымды дамыту дирекциясының басшысы Нұрлан Құдияров.
Айта кетерлігі, 2020 жылы 2,9 млрд.теңгеге 6 жоба іске қосылып 49 жұмыс орны құрылды. Былтырғы жылы іске қосылған жобалардың қатарында А3, А2, А4 форматындағы қағаз өндірісімен айналысатын «Qagaz Ordasy" ЖШС», ылғалды сүлгі өндіретін ТОО «DALSAN, дәкеден жасалған таңу материалдарын өндіретін ТОО «В.А.E.R», кілемдер мен кілемшелер өндірісімен айналысатын ТОО «Бал Декор», картон қағаз өндіретін ТОО «Shymkent Qagazy» сынды кәсіпорындарды атап өтуге болады.
Бұған қоса, биылғы іске қосылған «Оңтүстік» АЭА қосалқы аймақтарындағы белсенді жобалардың қатырында ТОО «Azala Textile» тоқыма фабрикасы, ТОО «ТПК «ALLIANCE» мақта талшығын қайта өңдеу және таралған иірімжіпті өндіру фабрикасы және ТОО «ТПК «ALLIANCE» иіру-тоқу фабрикасы бар.
Сонымен қатар, конвейерлік ағыны бар тігін фабрикасы және цех қолданбалы материалдар, соның ішінде камуфляждық торлар және киімдер, формалар, үй тоқыма бұйымдарын шығарумен айналысатын ТОО «ПК «АГФ Групп» кәсіпорынының жұмысын кеңейту 2021 жылы іске асады.
2022 жылы аралас иірімжіп, картон, полипропилен жіп, сондай-ақ кілемдер мен кілем бұйымдарын өндірумен айналысатын 4 кәсіпорынның қызметін кеңейтуге басымдық берілмек.
Алдағы жылдарға жоспарланған 14 әлеуетті жоғары жобалар жоспарлануда. Оның қатарында электр қалқаны жабдықтары мен қуаты әртүрлі трансформаторлар өндірісі, сорғы жабдықтары мен құбыр арматурасын өндіру ісі және тыңайтқыштар өндірісі, басқа бейорганикалық химиялық заттарды өндіру және киім мен аяқ киім өндірісімен айналысатын жаңа кәсіпорын ашу жоспарлануда.